Қазақстанда тағы бір төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Бауыржан Сыздықов төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

12 қыркүйекте үкіметінің қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Бауыржан Сыздықов 1973 жылы Шымкент облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. Осыған дейін ТЖМ аппараты басшысының міндеттерін атқарды.
Еске салсақ, Ерлан Сәдкенұлы Нұрпейісовтің төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалғаны айтылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған