Қазақстанда тағы бір мереке пайда болмақ
Қазақстанда тағы бір мереке күнін енгізу ұсынылды. Құжат "Ашық НҚА" сайтында қоғамдық талқылау үшін жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесіне қосымша енгізілетін үкімет қаулысының жобасын дайындады.
"Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 5-1 толықтырылсын: Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер күні – 15 сәуір", - делінген құжатта.
Құжат 2021 жылғы 25 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық