Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар тізімі айтылды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: vuzopedia.ru
Министрдің сөзінше, биыл 1 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылады. Қазірдің өзінде барлығы 734 мың адам жұмысқа орналасса, оның тең жартысы жастар.
"Қалған 2,5 айда барлық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу керек", – деді министр.
Сонымен қатар министр экономикаға энергетика, мұнай-газ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, IT, көлік және логистика сияқты сала мамандары қажет екенін айтты.
Осы орайда ол ғылым және білім министрліктерінен мемлекеттік білім гранттарының тізімін жасау кезінде осы бағыттарды қарастыруды талап етті.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов жұмыспен қамту орталықтары өңірлік мансап орталықтары бар өңірлік еңбек ұтқырлық орталықтары болып қайта форматталғанын еске салды.
"Енді осы орталықтар арқылы жұмыспен қамтуды бақылау механизмін жетілдіру керек. Міндетті зейнетақы жарналары арқылы электронды еңбек шарттарын жасауға ерекше назар аудару қажет", – деді ол.