Қазақстанда Sincere Systems қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Нұр-Сұлтанда Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Sincere Systems қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары желілік маркетинг арқылы жоғары сыйақы табуға уәде беріп, инвестициялық жобаларға қомақты қаржы салуды ұсынған. Қаржылық (инвестициялық) пирамида айласын құру және басқару фактісі бойынша компанияның лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу басталды", – делінген хабарламада.
Соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын