Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сайлау күнінде тәртіпті сақтау үшін 40 мың полицей жіберілді

Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров сайлау кезіндегі полицейлердің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полиция

"Парламент мәжілісінің және мәслихатының сайлауына байланысты ішкі істер органдарының бүкіл құрамы күшейтілген қарқында жұмыс істеуде. Еліміздің барлық аумағы бойынша қоғамдық тәртіптің сақталуына және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 40 мыңға жуық тәртіп сақшылары жұмылдырылды. Сайлау өтетін орындарда заңбұзушылық орын алмас үшін жедел қимылдау топтары құрылды. Олардың құрамында прокуратура қызметкерлері де бар. Сайлау учаскелерінің барлығы тексеруден өтті. Бұған қоса, сайлау бюллетендерінің дұрыс сақталуы қамтамасыз етілді", - деді вице-министр. 

Сондай-ақ, шенеунік полицейлердің сайлау учаскелерінде болуына заң бойынша рұқсат жоқ екенін атап өтті. 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңының 39 бабы бойынша полиция қызметкерлерінің сайлау үрдісіне араласып, сайлау учаскесінде жүруіне жол берілмейді. Ал сайлау орындарында заңбұзушылық орын алса, тәртіп сақшылары тек комиссия төрағасының шақыртуымен ғана келеді. Қазіргі таңда ешкім шағымданған жоқ. Еліміздегі сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті бұзу тіркелмеді", - деп қосты Заппаров. 

Еске салайық, бүгін Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде

Талқылау