Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда депутаттарды сайлау басталды

Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 7:00-де еліміздің көптеген өңірлерінде сайлау учаскелері ашылды. Бір сағаттан кейін Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында да сайлау басталды. Сондай-ақ, шетелде жүрген ел азаматтары да өз дауыстарын бере алады.

Елорда уақытымен сағат 8-де ел бойынша барлық 9994 сайлау учаскесі және Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 17 сайлау учаскесі Дауыс беруге кірісті. Шетелдегі 49 сайлау учаскесі уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып, дауыс беруге кіріседі. Сайлаушылар тізіміне дауыс берудің басында 11 915 903 сайлаушы енгізілді. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.

Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады.

Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді арнайы сайттан таба аласыз. Ашылған бетте өз өңіріңізді таңдап, ЖСН енгізу керек.

Талқылау