Қазақстанда сарбаздарға араб тілін үйрену міндеттелмек
Қазақстан парламентінің сенаты Катармен келісімді бекіткеннен кейін отандық сарбаздарға араб тілін үйрену міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қорғаныс министрлігі
Бірер күн бұрын депутаттар Қазақстан мен Катар арасындағы әскери ынтымақтастықты реттейтін келісімді бекіту туралы заң жобасын талқылады. Құжатта әскери мүлік транзитінің, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ қаржыландырудың, әуе кеңістігін және әскери полигондарды пайдаланудың жаңа нормалары белгіленген.
Сонымен қатар келісімде қазақстандық сарбаздарға араб тілін үйрету де қарастырылған. Бұл сарбаздарымыздың Катар әскерилерімен өзара қарым-қатынасын жақсартуға септігін тигізеді.
Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың айуынша, енді қазақстандық сарбаздар төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және енді араб тілдерінде сөйлейді.
Бұған дейін Катардың Қазақстандағы әскери полигондарды пайдалануға мүмкіндік алғаны туралы жазған едік.