Қазақстанда полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлыққа бейімділігін тестілеу арқылы тексермек
Мәжіліс депутаттары полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби парасатын тексеру жөнінде заң жобасын жұмысқа алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Кәсіби парасатқа тестілеу елде жемқорлық деректерінің алдын алу үшін жүргізілмек.
"Заң жобасында жемқорлық фактілерін болғызбау мақсатында құқық қорғау және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін тестілеуді реттейтін норма көзделген. Олардың құқықтары мен міндеттері регламенттеліп, тестілеу тағайындау негіздері және тестілеу нәтижесі бойынша жауапкершілік шаралары қарастырылған. Нәтижесінде қызметінде адал емес қызметкерлер уақытында анықталып, ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қоғамға келетін залалдың алдын алу мүмкіндігі туады", – деді Снежанна Имашева.
Аталған заң жобасына сәйкес, құқық қорғау қызметіне қабылданар алдында үміткер тестілеуден өтетіні жайлы жазбаша ескерту алады.
Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаттары АҚШ-қа жер телімін жалға беру жөнінде заң жобасын жұмысқа алған еді. 49 жылға жалға берілетін жерде АҚШ консулдық нысан салмақ.