Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пәтер саны аз үйлерді басқарудың жаңа тәртібі енгізіледі 

Елімізде пәтер саны аз үйлерді басқару тәртібіне өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы сенат депутаты Бауыржан Қаниев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

құрылыс

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үй иелерінің алдында бірқатар проблема бар. Мәселен, тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар иелерінің белсенділігінің төмен деңгейі, кондоминиум нысандарын тіркеудегі проблемалар, сервистік компаниялармен шарттар өзекті мәселе. 

“2019 жылы қабылданған мүлік меншік иелерінің бірлестігіне көшу жөніндегі нормалар әлі толық көлемде іске асырылмаған. Басқарудың жаңа нысандарына көшу реформасы шеңберінде көппәтерлі тұрғын үйлердің 85%-ы жай серіктестік нысанына көшті, ал мүлік меншік иелеренің бірлестігін небәрі 11,5% -ы таңдады. Сонымен қатар, 1436 көппәтерлі тұрғын үй әлі күнге дейін басқарудың ешқандай түрін таңдаған жоқ. Осыған байланысты, Заңда қарапайым серіктестік құру кезінде пәтерлер саны бойынша – 30 пәтерге дейін шектеу көзделеді”, – деді сенатор. 

Сонымен қатар ол елдегі аз пәтерлі үйлердің санын айтты. 

“Республика бойынша шамамен 10 211 аз пәтерлі үй бар. Мұндай үйлерде пәтер санының аз болуы себепті мүлік меншік иелерінің бірлестігіне немесе қарапайым серіктестікке тиімсіз. Осыған байланысты, басқарудың жаңа нысаны – тікелей бірлескен басқару ұсынылған. Бұл нысанды пәтерлер саны 16-ға дейінгі үйлер үшін жасауға болады.

 Заңда тұрғындар арасында басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген немесе олардың ауысуға дайын еместігі бойынша мәселе де шешіледі. Мысалы, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясына бір жылға дейінгі мерзімге уақытша басқарушы компанияны анықтауға мүмкіндік беру туралы норма енгізіліп жатыр”, – деді Бауыржан Қаниев. 

Талқылау