Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда енді Оңтүстік Кореяның технологиялары арқылы электромобильдерге арналған аккумуляторлар шығарылады

Олжас Бектенов пен Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель Қазақстан-Корея жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Бектенов оңтүстік кореялық технологияларды пайдалана отырып, электромобильдерге арналған аккумуляторларды Қазақстанда шығаруға мүдделі екенін айтты. Сонымен қатар автомобиль өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселесі көтеріліп, Корея еліміздің автомобиль өнеркәсібі үшін қазақстандық кадрларды даярлауға көмектесуге ниетті екенін атап өтті.

Бүгінде кореялық компаниялар қазақстандық көлік жасауды дамытуға көптеп инвестиция салып жатыр. Қазақстанда автомобиль кластерлері құрылып, жинақтауыш өндірісін қолға алған. Алматыда Hyundai автокөліктерінің шағын агрегаттарын құрастыру, Қостанай облысында KIA автокөліктерін шығару, Семейде Daewoo Bus Global автобустарының бірлескен өндірісі бар.

Жақын арада кореялық компаниялар Қазақстанда автокреслолар мен автокөліктерге арналған мультимедиялық құралдар шығаруды қолға алмақ.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ельмен келіссөздер жүргізгені айтылды. 

Талқылау