Қазақстанда оқушылардың міндетті мектеп формасына өзгерістер енгізілді
Елімізде оқушылардың міндетті мектеп формасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Енді оқушыларға поло жейде, тенниска, водолазка, тоқыма жемпір мен кардиган киюге рұқсат етіледі. Ал галстук тағу міндетті емес. Мектеп формалары күнделікті, мерекелік шараларға арналған және спорттық болып үшке бөлінеді. Ал ер балаларға сабаққа пиджак, жилет, жейде және түймелері бар жемпір, шалбар киюге болады.
Қыста тоқыма жилет пен водолазкаға рұқсат беріледі. Сондай-ақ, қыздарға да пиджак, жилет, шалбар, юбка, тоқыма жейде мен кардиган киюге рұқсат. Ал салқын күндері мектепке водолазка, сарафан киіп бара алады. Ескере кететін жай, мектеп формалары классикалық үлгіде болуы керек.
Әрі киімдер өте ашық түсті болмауы тиіс. Спорттық киімдер қатарына спорттық костюм, шалбар, футболка және кроссовкалар кіреді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда