Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді 

Бүгінде мектеп оқулықтарының цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 100%-ға тең. Оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспаның 11 платформасында әзірленіп жатыр.

"Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен талдауды пайдалана отырып өткізеді. Сондай-ақ онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімін жетілдіреді", – деп атап өтті Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова. 



Бұдан бөлек робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1072 мектепте заманауи кабинеттер жабдықталды.

Еске салайық, Қазақстанда мұғалімдер өз пәні бойынша оқушылар оқитын оқу құралдарын өздері таңдай алатынын жазған едік. Оқу-ағарту министрлігі мұны арнайы онлайн платформада жасауға болатынын атап өтті.

Талқылау