Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда оқу жылы екі аптаға ұзартылды

Оқу-ағарту министрлігі орта мектептерде оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешімін бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: 24.kz

"Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін –  35 оқу аптасын, 2-11 сыныптар үшін 36 оқу аптасын құрайтыны жарияланды", – делінген ведомство  жарияланған ақпаратта.

Сонымен оқу жылы ішіндегі демалыс мынадай болады:

  • күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);
  • қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);
  • көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы).
  • жазғы демалыс – 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады. 

Осылайша, оқу жылы 31 мамырда аяқталады.

1 сыныптарда 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы). Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығы тіркелу үшін Әділет министрлігіне жолданды.

Талқылау