Қазақстанда мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем мөлшерін арттыру ұсынылды
Елімізде мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем мөлшерін арттыру ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ашық НҚА порталында келесі жылдан бастап әлеуметтік төлемдер көлемін арттыру туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.
“2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7 пайызға ұлғайтылсын”, – делінген хабарламада.
Құжатты қоғамдық талқылау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"