Қазақстанда мобильді аударымдарға салық салу шарттары қайта қаралмақ
Қазақстан мобильді аударымдарға салық салу шарттарын қайта қарауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: nan-news.ru
Салық қызметкерлері үш ай ішінде 100 және одан да көп азаматтан 3 ең төменгі жалақыдан (255 мың теңге) асатын сомада өз шоттарына ақша түскен қазақстандықтардың мобильді аударымдарын ғана қадағалай алады.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, енді тек үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан ұялы байланыс арқылы ақша аударымдарын алған адамдар ғана тексеру критерийлерін жатады. Ал, Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мобильді аударымдарды бақылау критерийлерін қайта қарап жатыр.
"Тәуекел критерийлерін келесі редакцияда өзгерту туралы ұсыныс қарастырылуда: "Бір жеке тұлғаның банк шотына келесі үш айда ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан жалпы сомасы ең төменгі жалақының 3 мөлшерінен асатын ақшалай қаражаттың түсуі (1 қаңтардағы жағдай бойынша – 255 мың теңге). Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерліктен ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын (шамамен 1 миллион теңге) жылдық табысы бар жеке тұлғалар дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады", – делінген хабарламада.
Нұрлан Байбазаров жұмыс нәтижесі Қаржы министрлігіне хабарланатынын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мобильдік аударымдарды бақылау мәселесі тағы бір рет қарастырылатынын мәлімдегені туралы жазған едік.