Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда министрліктер 20 млрд теңгені игере алмаған

Бірқатар қазақстандық министрлік 20 млрд теңгені игере алмаған. Бүгін үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев премьер-министрге осылай деп баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Үкімет отырысынан скриншот

Үкімет отырысында қаржы министрлігінің жаңа басшысы биыл қаңтар айында мемлекеттік бюджет шығыны 96,9%, республикалық бюджет 97,8%, жергілікті бюджет 94,5% атқарылғанын хабарлады. 

“Республикалық бюджет бойынша 1,5 триллион теңге шығын шықты. 33 миллиард теңге тиісті жеріне жетпеді, оның 13 миллиарды үнемделген болса, 20 миллиард теңге игерілген жоқ. Әсіресе мәдениет және ақпарат, экология және табиғат ресурстар, ішкі істер, қорғаныс министрліктерінде иегрілмеген ақша көбірек”, – деді ведомство басшысы. 

Такиев игерілмеудің басты себебі мемлекеттік сатып алу бойынша байқаулардың өтпеуі, байқау барысы, келісімшарт жасаудың ұзаққа созылуы екенін айтты. 

Мәди Такиев ай басында қаржы министрі лауазымына тағайындалғанын айта кетейік.

Талқылау