Қазақстанда мерт болған ресейлік әйел өлімінің себебі анықталды
Қазақстанда Жамбыл облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан ресейлік Мария Ким оққа ұшып көз жұмған. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ол тәртіпсіздіктер кезінде қарулы адамдар оқ ата бастаған кезде жарақаттан қайтыс болды", — делінген хабарламада. БАҚ жарияланған ақпараттарда көрсетілген пышақ жарақаттары туралы деректер шындыққа жанаспайды.
Бұған дейін Қазақстандағы наразылықтар барысында Кимнің қайтыс болғаны туралы Ресей елшілігі хабарлаған болатын.
БАҚ әйелге жеті жерден пышақ сұғып, қосымша басынан тапаншамен оқ атқаны туралы дерек келтірген. Таразда бүлікшілер мақұм әйел жұмыс істейтін кофехананы тонамақ болған деп хабарланған еді.
Тараздағы тәртіпсіздік кезінде үш баланың анасы – Ресей азаматшасы қаза тапты.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек