БҚО-да келіншек коронавирус жұқтырғанын біле тұра балаларына барған
Батыс Қазақстан облысында келіншек өзінің коронавирус жұқтырғанын біле тұра балаларына барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҚО-да мұндай жағдайлар бірнеше рет тіркелген. Вирус жұқтырғанына қарамастан, басқа адамдармен қарым-қатынас орнатқандар ауруханаға жатқызылды.
"1990 жылы туған науқас өзінің ПТР анализі оң болғанын біле тұра, Бәйтерек ауданының Достық ауылындағы балаларға барды. Біз оны ауруханаға жатқызу үшін үйіне баруға мәжбүр болдық. Тағы бір 1954 жылы туылған әйел коронавирус анықталса да Ақсайға кетіп қалған. Ол да ауруханаға жатқызылды", – дейді №2 қалалық емхананың директоры Кашура Ажгулова.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік