Қазақстанда ғимараттарда маска тағу режимі алынып тасталды
Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесі шешімдер қабылдады:
- ғимараттарда міндетті түрде маска тағу режиімін алып тастау;
- медициналық ұйымдарда медициналық бетперделерді міндетті түрде киюді қамтамасыз ету;
- адам көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде, ұйымдасқан топтарда бетперде тағуға кеңес беріледі.
Отырыс соңында Ералы Тоғжанов қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі азаматтарды уақтылы вакцинациялау және ревакцинациялау болып табылатынын атап өтті. Ол әкімдіктерге коронавирустық инфекцияға қарсы екпе науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді