Қазақстанда төрт жылда алғаш рет азық-түлік құны төмендеген
Ұлттық статистика бюросы елімізде көкөністер қымбаттап, пияздың бағасы мамыр айында 30% өскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Картоп бағасы 18%, ал қызылша 15%-дан аса көтерілді. Бірақ бөлшек сауда сөрелерінде өткен айда арзандаған көкөністер де бар. Осылайша қиярдың бағасы шамамен 30% түсті, сонымен қатар қырыққабат пен қызанақ бағасы айтарлықтай төмендеген.
Қазақстандықтарға мамыр айында жұмыртқа алған тиімдірек болды. Құс фабрикасы өнімдері 10% дерлік арзандады. Алайда қарақұмық пен інжу арпа, күнбағыс майы арзандағаны аса біліне қоймады.
Жалпы өткен айда азық-түлік бағасы 0,2% арзандады. Айта кетейік, кейінгі төрт жылда Қазақстанда алғаш рет дефляция байқалды.
Еске салайық, бұған дейін республика бойынша бағаға мониторинг жүргізген партия өкілдері статистика органдарының дұрыс мәлімет бермей отырғанын жазған едік. Олардың айтуынша, азық-түлік өнімдерінің ең аз жиынтығының 2 175 ккал тәуліктік энергетикалық құндылығын қамтамасыз ететін 43 түрлі азық-түлік өнімдерінің себеті нормаға сай келмейді.