Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтетін болды
Жақында ресейлік әртіс Максим Галкин Қазақстан билігі жеке кешін өткізуге тыйым салып жатқанын айтқан болатын. Сол мәлімдемеден кейін Алматыда әзілкештің концерті өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/maxgalkinru
Ресейлік әртіс Максим Галкиннің концерті 9 қазан күні Алматыдағы Республика сарайында өтетін болды. Бұл туралы өнер иесінің продюсері Алексей Пучков өзінің Instagram-дағы парақшасында жария етті.
Айта кетейік, бұған дейін Максим Галкин Қазақстанда концерт өткізе алмайтынын айтып, қазақстандық көрерменнен сәті түскенде қауышуға уәде берген болатын.

"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар