AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда макарон өнімдері қымбаттап кетті

Қазақстанда макарон өнімдері қатты қымбаттады. Бір жыл ішінде макарон өнімдерінің құны 11 пайызға өскен. Ал өндіріс бірден 13 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Energyprom.kz дерегінше, осы жылдың қаңтар-тамыз айларында елде 100,8 мың тонна макарон, кеспе, кускус және өзге де осыған ұқсас ұн өнімдері өндірілген. Алайда бұл былтырғыға қарағанда 13,3%-ға аз. Өңірлер арасында макарон шығару жағынан Шымкент көш бастады – 17,8 мың тонна. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (16,7 мың тонна) және Батыс Қазақстан облысы (15,1 мың тонна) кірді.

2021 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша отандық компаниялар макарон өнімдеріне сұранысты 82,3%-ға қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 84,7% болатын. Елге 18,9 мың тонна өнім әкелінді – былтырғымен салыстырғанда 2,2%-ға көп. Ішкі нарықта өнім өткізу бір жылда 20,5%-ға, 71,3 мың тоннаға дейін төмендеді. Ал экспорт 11,9%-ға, 35 мың тоннаға дейін өскен.

"Тамыз айының қорытындысы бойынша макарон өнімдері бір айда 1,3%-ға, ал бір жыл ішінде 11,1%-ға қымбаттады. Әсіресе Атырау облысында (22%-ға), Қызылорда (18,4%-ға) және Қарағанды облыстарында (17,5%-ға) баға қатты өсті", – делінген хабарламада.



Макарон өнімдері арасында бір жыл ішінде кеспе 12,4%-ға, спагетти 11,5%-ға, вермишель 10,9%-ға, рожки 10,7%-ға қымбаттады. 

Қыркүйекте базарлар мен дүкендерде кеспенің бір келісі 782 теңге, вермишель 374 теңге, рожки 361 теңге тұрды. Бұған дейін Қазақстанның астық одағы макарон өнімдерінің бағасы өсетінін мәлімдеген еді. Өйткені нарықта шикізат құны көтерілген. Оған биылғы құрғақшылық салдарынан бидай түсімінің аз болуы себеп.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр