AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда құс еті 17%-ға қымбаттады

2022 жылдың ақпанында бүкіл ел бойынша бөлшек сауда орындарында тауық құны бір жылда 17,2%-ке өсіп, бір келісінің бағасы 1,1 мың теңгеге дейін жетті. Ал тауықтың сан еті 22,8%-ға қымбаттап, бір келісі 958 теңгеден сатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz. сайтына сілтеме жасап.

Тауық, негізінен, Шымкентте қатты қымбаттады – баға бір жылда бірден 35,2%-ке өскен. Сондай-ақ Түркістан және Қарағанды ​​облыстарында баға көтерілді. Тауық еті бағасының ең жоғары жылдық өсімі Түркістан (бір жылда 55,8%-ке), Ақтөбе (41,3%) және Маңғыстау (37,6%) облыстарында байқалды.

Ақтауда бір келі тауық еті 1,3 мың теңгеден сатылып жатыр. Бұл - еліміздегі ең қымбат баға.

Сарапшылар 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда 8,3 мың тонна жас немесе салқындатылған құс еті өндірілгенін, бұл былтырғымен салыстырғанда 0,5%-ке артық екенін атап өтті. Мұздатылған құс етін өндіру бір жылда 9,7%-ға өсіп, 11,6 мың тоннаны құрады.

Өңірлер бойынша қарастырғанда, жас немесе салқындатылған құс етін өндіру бойынша Ақмола облысы 2,9 мың тонна көрсеткішпен көш бастап тұр. Ал мұздатылған құс етін өндіру бойынша Алматы облысы бірінші орында – 5,7 мың тонна.

Жалпы 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде 110,3 мың тонна жас немесе салқындатылған және 127,4 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілді.

Өткен жылы жергілікті компаниялар құс еті мен тағамдық қосымша өнімдерге деген сұранысты 62,6%-ке қамтамасыз етті. 2020 жылы бұл көрсеткіш 56,3%-ті құраған.

Ал Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы Ресейге салынған санкциялардың валюта бағамына әсеріне алаңдап отыр, деп хабарлайды Хабар24.

Рубльдің долларға шаққандағы құлдырауы көрші мемлекеттен жеткізілетін өнімді арзандатады. Сондықтан қазақстандық құс фабрикалары жосықсыз бәсеке жағдайында сатып алушы үшін күресуге мәжбүр болады, деп санайды қауымдастықта. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр