"Қатты жауын-шашын мен көктайғақ болады": Cиноптиктер ауа райы болжамын ұсынды
"Қазгидромет" РМК 9-11 ақпанға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Оңтүстік және шығыс өңірлерде оңтүстік циклон жырасының ықпалымен; солтүстігінде және солтүстік-батысында Салехард аумағынан келетін циклон жырасына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын, 10 ақпанда қалың қар жауады деп болжанады. Сондай-ақ аталған өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Ел бойынша тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады және жел күшейеді.
"11 ақпанда батыс антициклонының жотасы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарға ауысады, онымен жауын-шашын біртіндеп тоқтайды және түнгі температура 8-21 аязға дейін төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді