Қазақстанда қосылған құн салығын көтеру жоспарланып отыр
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин елде қосылған құн салығы көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елде қосылған құн салығы 12%-дан 16%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.
"Иә, қосылған құн салығының мөлшерлемесін көтеруге қатысты мәселе талқыланды. Біз оны көтереміз. Өйткені Салық кодексі қызметтерінің бірі – бұл қазыналық, бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру", – деді вице-министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Бүгінгі таңда аталмыш салықты өсіру мәселесі әлі талқыланып жатыр екен.
"Егер біз мөлшерлемені 12-ден 16 пайызға көтерсек, онда бюджетке шамамен 2-2,4 трлн теңге қосымша түсім түседі. Мөлшерлемені осылай көтеру ұсынылады. Ол қазір талқыланып жатыр", – деді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"