AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустың жаңа толқыны басталуы мүмкін бе: Министр жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде пандемияның жаңа толқыны басталып-басталмауы әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол Қазақстанда жағдай жақсарғанына қарамастан, әлемде эпидемиологиялық ахуал әлі күнге тұрақсыз екенін атап өтті.

"Қазір Қытайда "омикрон" штамын жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Еуропаның кейбір елдерінде көбеюде. Бірақ, тұтастай алғанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы аптада жалпы көрсеткіш төмендеп келеді. Елде бәрі тыныш, сол себепті біз шектеу шараларын алып тастадық. Бірақ шекарада бақылау әлі бар. Елге кіргендердің бәрін тексереміз. Вакцина мен теріс нәтижелі ПТР-тест міндетті", - деді Ғиният үкімет кулуарында.

Министр қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы ревакцинация жасатуға, сондай-ақ бустерлік доза алуға шақырды.

"Бүгінде ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы пайда болуы мүмкін екенін немесе ол маусымдық вирус сияқты жеңіл формаға ауысатынын болжап отыр", - деді ол.

Ғиният қазір Қазақстанда эпидахуал бойынша оптимистік сценарий орындалып жатқанын атап өтті.

"Вирустың таралуы байқалмайды. Індеттің өршуі әлемдегі жағдайларға байланысты. Сырттан коронавирус штамдары еніп, ауру таралмаса, елде жағдай жақсы болады", - деді министр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр