Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустың "алматылық" штаммы анықталды

Қазақстанда коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа штаммы пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеп.

коронавирус

18-25 наурыз аралығында Қазақстан аграрлық университетінің Халықаралық вакцинология орталығы коронавирустың британиялық және оңтүстік африкалық штаммын анықтау үшін зерттеу жүргізген. 

Зерттеушілер коронавирустың 12 үлгісін тексерген соң, күтпеген жерден қазақстандық штаммын анықтады. Оған уақытша "алматылық" деген атау берілді. 

Әзірге жаңа штаммның қасиеті жайлы ақпарат жоқ. Оның коронавирустың жаңа түрі екенін анықтау үшін тағы да қосымша зерттеу жұмыстары қажет.

Халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі Қайсар Табынова әлі де болсын зерттеу жұмысын жасау керегін айтты.

"Біз әлі бұл вирустың Қазақстандағы популяциясы қандай екенін білмейміз. Бұл тек Алматыдан алынған үлгілер. Жаңа штамм туралы толығырақ білу үшін үлкен зерттеу жұмысын өткізу керек", - дейді маман.

Талқылау