Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырғандар тіркеліп жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Қазақстандағы коронавирустық инфекцияны қайта жұқтыру жағдайлары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біздің мәліметтеріміз бойынша, коронавирусты қайта жұқтырған екі жағдай тіркелді. Бұл туралы біз бұрын да айтқан болатынбыз. Бұл Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында. Коронавируспен ауырған адамның ПТР нәтижесі ұзақ уақыт бойы оң болуы мүмкін. Оларды коронавирусты қайта жұқтыру деп қабылдауға болмайды. ПТР тест тіпті тірі емес вирусты да көрсетуі мүмкін", - деді Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.
Бұған дейін Алматыда коронавирустың британдық және оңтүстікафрикалық штаммдарына тән мутациялар анықталғандығы хабарланған болатын. Жаңа штаммдардың қауіптілігі жоғары.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық