Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаңа препараттар дайындалып жатыр

Қазақстанда коронавирусқа қарсы тағы да бірнеше препараттар дайындалып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтып берді. 

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен еліміздің мемлекеттік органдарының басшылары мен жетекші ғалымдарының қатысуымен биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Сондай-ақ коронавирусқа қарсы отандық препараттардың "Назарбаев Университеті" АҚ, Жұқпалы препараттарға қарсы ғылыми орталық, Фитохимия холдингі, "ДВ Сокольский отын, катализ және электрохимия институты" АҚ, "Ғылыми-өндірістік Микробиология және вирусология орталығында" дайындалу мәселесі талқыланды. 

Қазақстанда бес жаңа вакцина шығару жоспарлануда.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Тоғжанов эпидемиологиялық сынақтардан қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құруды тапсырды. 

Ғылыми-инновациялық жұмыстарды енгізудің кешенді жоспарын әзірлеу, эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-инновациялық жобаларды мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз ету және жұқпалы ауруларға арналған дәрілік заттардың жаңа түрлерін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу мәселелері де көтерілді. 

Сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік саласындағы отандық ғылыми мекемелердің ғылыми, кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетін дамытуға талдау жасап, нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Талқылау