Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина кімдерге салынатыны белгілі болды
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың алдын-ала жоспарларымен бөлісті. Министрлік вакцинаны кімдерге салатыны туралы жеткізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің сөзінше, алдын-ала вакцинация созылмалы аурулары бар адамдарға, оның ішінде 65 жастан асқан адамдарға, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және созылмалы обструктивті өкпе аурулары мен медициналық қызметкерлерге арналған. Болжаммен саны 2 347 000 адам деп есептелген.
Сонымен қатар, нақты жоспар вакцинаның пайда болып, дамуы мен клиникалық сынақтары мен препараттың бағасы белгілі болғаннан кейін басталады деп көрсетілген. Қазіргі уақытта вакцина дайындалмады, бағасы да анықталған жоқ.
- Ресей коронавирусқа қарсы препаратты сатылымға шығарды
- "Адамдар коронавирустан емес, дұрыс емес емнің кесірінен өліп жатыр": Қазақстандық дәрігер Тоқаевқа жанайқайын жеткізді
Қазіргі таңда әлемнің бірқатар мемлекетінде коронавирусқа қарсы препарат дайындалып, сынақтан өтуде. Алайда нақты бұл дертке қарсы вакцина бүгінге дейін ойлап табылмады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан