Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарға қан плазмасын қайта құю қарастырылмаған
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясын емдем үшін плазма сұйықтығын құюдың қажеті бар ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма басшысы Қазақстанда коронавирус шалдыққандардың барлығы аурудан жазылып шығады деген сенімде екенін жеткізді.
"Коронавирус инфекциясын емдеу мақсатында плазма сұйықтығын қайта құю емдеу хаттамасында көрсетілмеген", - деді ол.
Бұған дейін Нью-Йорктің қан донор орталығы коронавирустан емделіп шыққандардың плазма сұйықтығын қабылдап жатқандығы айтылыпты. Аталмыш сұйықтықта COVID-19-ға қарсы антиденелер болатын көрінеді. Болжам бойынша науқастарға осы сұйықтықты денелеріне құю жоспарланыпты. Өз кезегінде бұл үрдіс ауруға шалдыққандардың індетті тезірек жеңуіне ықпал етуі мүмкін.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?