Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көктемнің соңындағы үсік жүрді: Жеміс-жидектер мен көкөністердің бағасы қымбаттай ма?

Қазақстанда 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 6,3 пайызға өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көктемнің соңғы күнде ел аумағында ауа температурасы төмендеп, жеміс-жидектер мен көкөністердің үсуіне алып келді. Ауылшаруашылығы министрлігі көктемде жүрген үсік нәтижесінде алдағы уақытта жеміс-жидектер мен көкөністердің бағасы қымбат болуы мүмкін екенін айтады. 

Еске салсақ, көктемнің соңғы айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, егістікке тікелей әсер еткен болатын. 

“20, 21, 22 сәуірде ауа температурасының төмендеуіне байланысты,  2500 га жаздық арпа үсіп қалды. Түркістан облысында 2021 жылғы наурыздың екінші онкүндігіндегі солтүстік-батыстың суық ауа массаларының шабуылы ауылшаруашылығы өнімдері үшін қолайсыз болды. Бұл кезеңде температура нормадан 1-3°C төмендеп, 4-13 градусқа дейін аяз болды. Жеміс ағаштары және кейбір өсімдіктердің жекеленген түріне ауа райы кері әсер етіп, егінді үсік шалды. Сонымен қатар наурыз айының екінші онкүндігінде Сайрам мен Бәйдібек елді мекендерінде жеміс ағаштары бүршік жарып, гүлдей бастады. Алайда ауа температурасының  2-4 пайызға дейін төмендеуінің нәтижесінде жеміс-жидектерді үсік шалды. Олар ауа температурасының төмендеуіне төтеп бере алмаған”, – деп түсіндірді ауылшаруашылығы министрлігі. 



Азық-түлік бағасына қатысты сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев мәлімдеді. Вице-министр азық-түлік тауарларына бағаның өсу себебін айтып берді. Алайда вице-министр үсіктің жеміс-жидектер мен көкөністердің бағасына әсері болмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, қазіргі таңда бағаның өсуі ескі азық-түлік қорының бітуімен тікелей байланысты. Алдағы уақытта егін жиналғаннан кейін баға қалпына келтіріледі. 

“Жеміс-жидектер мен көкөністердің бағасының өсуіне маусымдық факторлар әсер етті. Жеміс-жидек пен көкөніс қорының бітуі де бағаның өсуіне алып келген болатын. Қыс мезгіліне арналып жинақталған қордың бітуіне байланысты, егін жинау қайта басталғанға дейін баға төмендемейді. Әсіресе көктемгі уақытта жеміс-жидектер мен көкністердің бағасы қымбаттаған. Қор Орта Азия елдерінен импортталған тауарлармен толықты. Сондықтан баға жаз мезгіліндегі егін жинау кезеңіне дейін қымбат болады. Одан кейін қалпына келтіріледі”, – дейді Ержан Қазанбаев. 

Талқылау