Қазақстанда "қызыл" аймақта бірде-бір облыс қалған жоқ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 5 қаңтарда жариялаған елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің бірде-бір облысы "қызыл" аймаққа кірмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңартылған ақпарат бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары әлі "сары" аймақта тұр. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасыпты. Сонымен қатар, Қазақстан аумағы да "жасыл" аймақта екені көрсетілген.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан "жасыл" аймақта екенін айтқан еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"