Қазақстанда "қызыл" аймаққа кірген өңірлердің саны тоғызға жетті
2021 жылғы 2 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды, Маңғыстау облыстары.
"Сары" аймақта: Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойғаны айтылған еді. Жаңа қаулыға сәйкес, Вакцина алмаған азаматтардың жұмысқа шығуы шектеледі.
"Күн көзіне шыға алмаймын": Қазақстандық альбинос жігіт өмірі туралы айтып берді
Сөзінше, ол көбіне тек кешке қарай далаға шығып серуендейді
Баланың ас мәзірі қандай болу керек? Маман ата-аналар жиі жіберетін қателіктерді атады
Өсіп келе жатқан ағза ақуызды, пайдалы майларды, көмірсуды, дәрумендер мен минералдарды тұрақты түрде алып отыруы керек