AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Бас санитардың жаңа қаулысы: 15 шілдеге дейін вакцина салу міндеттеледі

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысымен 15 шілдеге дейін азаматтар бірінші компонентпен, ал 15 тамызға дейін – вакцинаның екінші компонентімен егілуі тиіс. Вакцина алмаған азаматтардың жұмысқа шығуы шектеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мынадай ұйымдардың қызметкерлері вакцина алмаған жағдайда жұмыс істей алмайды:
•    Қызмет көрсету объектілері;
•    Халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің;
•    мәдениет және демалыс объектілерінің; 
•    халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің;
•    жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар;
•    білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының;
•    санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің;
•    қоғамдық тамақтану объектілерінің;
•    барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің;
•    денсаулық сақтау ұйымдарының;
•    дәріхана ұйымдарының;
•    тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің ;
•    экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;
•    демалыс объектілерінің;
•    ойын-сауық ойын объектілерінің; 
•    байланыс және телекоммуникация объектілерінің;

Ал вакцинация алмаған қызметкерлер 7 күнде 1 рет міндетті түрде ПТР-тестілеуден өтуі керек.

Облыстар мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, "Атамекен" ҰКП-ға, ұлттық компанияларға, ұйымдардың басшыларына, жеке және заңды тұлғаларға Сovid-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді міндетті түрде шектеу тапсырылды.
1) 2021 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын;
2) профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профлактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін;
3) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр