Қазақстанда танымал кинотеатрлар желісі жабылады
Ресей арқылы жұмыс істейтін шетелдік кинокомпаниялардың Қазақстанға фильм беруден бас тартуына байланысты Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Актриса, продюсер Құралай Анарбекова Instagram-да Kinopark Multiplex Cinemas бас директоры Алмаз Малдыбаевтың мәселеге қатысты түсіндірме беретін видеосын жариялады.
“Иә, өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартуда. Яғни, 1 сәуірден бастап кинотеатрларда көрсетер ештеңе жоқ. Сондықтан Kinopark-Kinoplexx компаниясы 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге дейін жабылуға мәжбүр. Өкінішті, әрине. Бірақ бұл шындық", - деді кинотеатрлар желісінің жетекшісі Алмаз Малдыбаев.
- Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақы қорында қалуы тиіс жеткілікті шектің сомасы қалай өзгереді
- Ресей өзіне достық қарым-қатынас танытпайтын елдер тізімін бекітті
Айта кетейік, Голливуд студиялары Украинадағы жағдайға байланысты Ресейде фильмдерді прокатқа шығарудан бас тарта бастады. Мұндай шешім туралы Walt Disney Company, Sony, Netflix, Warner Bros студиялары жариялады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"