Қазақстанда кино билеттері ТМД бойынша ең қымбат болып шықты
Қазақстан кино билетінің бағасы бойынша әлемдік тізімде 31-орында тұр. Елімізде орташа билет құны 6 доллар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде билеттің орташа құны – шамамен 6 доллар, яғни 2,5 мың теңге. Сонымен қатар бір жыл ішінде кинотеатрлар қызметі 14%-ға қымбаттады. Ең көп өсім Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында байқалады. Ал Түркістандағы ең қымбат кинотеатр қызметі – 2700 теңге. Қарағандыда 1400 теңге.
Еліміз кино қызметінің құны бойынша әлемде 31-орында. Ресей, Өзбекстан және Әзірбайжанда салыстырмалы түрде билет әлдеқайда арзан. Ең төмен бағалар Иран мен Шри-Ланкада. Ең жоғарылары Швейцарияда, Данияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"