Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кімдер әскери қызметтен босатылады (видео)

Қарулы Күштер бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері Руслан Тапашев Қазақстанда әскери қызметтен кімдер болатылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әскери қызметкерлер

“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызметті өткеруден мерзімі кейінге қалдырылатын азаматтар қатарына денсаулық жағдайы бойынша, білімін жалғастыру үшін, отбасы жағдайы бойынша және 27 жасқа толған заңды негізде әскерге шақырылған азаматтар санаты да әскери қызметтен босатылады”, - деді Қарулы Күштер бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев. 

Әскери қызметтен босатылатын азаматтар қатарына тіркелген діни бірлестіктердің өкілдері, басқа мемлекеттерде баламалы әскери қызмет өткерген азаматтар жатады. 

Әскери қызметтен кімдер босатылады?
- азаматтық авиация саласында қызмет атқаратын азаматтар. Олар: механик, техниктер, ұшқыштар;
- су кемелері қызметкерлері;
- педагогтер;
- дәрігерлер.

“Отбасы бар және баласы бар азаматтар заң бойынша әскери қызметтен босатылады. Әскерге шақыру шешімін жергілікті атқарушы органдарда құрған әскери комиссия шешімімен шақырылады. Ал егер азаматқа әскери шақыру келсе, онда ол әскерге шақыру пунктіне баруы керек. Ол жерде жағдай нақтыланып, жауап берілетін болады”, - деді Тапашев ОКҚ-да брифингтен кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Талқылау