Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда киік атудың мерзімі белгіленді

Киік аулауға 1 қазан мен 15 қараша аралығында рұқсат беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінде киіктердің саны тарихи көрсеткіштен асып кеткен. Яғни, екі миллионға жуық ақбөкен бар.

Сондықтан аң аулау қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасы әзірленіп, онда жыл сайын киік аулауға рұқсат етілетін мерзім белгіленді. Киіктердің оралдық популяциясын 20 пайызға, бетпақдалалық популяциясын 15 пайызға қысқартуға шешім қабылданған.

"Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, жыныс құрамы мен мекендеу ортасына қарамастан, киікті аулау мерзімін 1 қазаннан 15 қарашаға дейін белгілеу ұсынылды", – делінген құжат жобасында.

Министрліктің мәліметінше, 337 мың ақбөкенді аулау жоспарланған.

"Қазіргі күні киіктердің саны тарихи көрсеткіштен асып кетті. Яғни, екі миллионға жуық ақбөкен бар. Олар жыл сайын диқандардың егінін таптап, шығын келтіріп жатыр. Қазірдің өзінде шаруалардың шығыны 12 миллиард теңгені құрады. Олардың санын қысқартпасақ, көбейе береді. 2024 жылдан бастап 1 қазан мен 15 қараша аралығында киік аулауға рұқсат етіледі", – деді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Еске салсақ, бұған дейін желіде қырылған киіктердің өлекселері түсірілген видеоларға қатысты жазған болатынбыз.

Әлеуметтік желіде БҚО-да белгісіз біреулердің көп мөлшердегі ақбөкен етін сатуға ұсынып жатқаны туралы хабарламалар тараған. 

Қазақстанда киік аулауға қатысты кей мәліметтер қауіпсіздік мақсатында құпия болады. 
 

Талқылау