Қазақстанда кеншілердің зейнетке шығу жасы төмендеуі мүмкін
Қазақстанда кеншілердің зейнетке шығу жасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз бұл мәселені қарастырамыз. Себебі зиянды еңбек жағдайлары бар, бұл орайда халықаралық тәжірибеге сүйенеміз. Мысалы, 15 жылға дейін зиянды жағдайда жұмыс істеуге болады. Одан әрі денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін басқа жұмысқа ауысуы керек. Қазір біз шахтерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуына әсер ететін жұмыстың шекті кезеңін нақтылап жатырмыз", - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап бере отырып.
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге
Ақтөбедегі қанды терактіге 10 жыл: Елді дүр сілкіндірген оқиға қалай болған еді
2016 жылы 5 маусымда Ақтөбе қаласында ең қанды террорлық шабуылдардың бірі болды