Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кеншілер 2024 жылдан бастап 200 мың теңгеден әлеуметтік төлем ала алады

Мәжілісте зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты түзетулер таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 55 жасқа толған жұмысшылар төлемақы ала алады. Ол үшін адам кемінде жеті жыл зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеу керек. Түзетулер парламент қол қойса, норма 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

"Бұл шарттар қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға қатысты. Оның ішінде металлургия, энергетика, тау-кен секторы және басқа да кәсіптер бар. Қазір статистика бойынша 490 мыңнан астам адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді. Әрине төлемақы денсаулықтарының жақсы болуын қамтамассыз ете алмайды", – деді вице-министр.

Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше қордан төленеді. Олар: 

  • 1,5 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде республикалық бюджеттен арнайы кәсіби төлем;
  • БЖЗҚ-дан бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және міндетті зейнетақы жарналары есебінен;
  • өмірді сақтандыру компанияларынан 1 ең төменгі күнкөріс мөлшерінде төлем;
  • жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс мөлшеріндегі төлем.

"Осылайша егер қызметкердің өзі арнайы әлеуметтік төлем алуға өтініш беретін болса, төлемнің мөлшері орта есеппен шамамен 200 мың теңгені құрайды. Жекелеп қарастыратын болсақ, жұмысшылардың табысына қарай, оларға ұлғайтылған сомаға еңбек кепілдіктері қарастырылған. Жалақы мөлшері 300 және 400 мың теңгеден жоғары болуы мүмкін", – деп қосты Сарбасов.

Бұған дейін Светлана Жақыпова кеншілерге ерте зейнетке шығудың шарттарын атаған болатын. Оның айтуынша, зейнет жасын төмендетуге 45 миллиард теңге бөлінген.

Талқылау