Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қайырымдылық саласында атақтар берілмек

Қазақстанда енді қайырымдылық саласында атақтар берілмек. Тиісті ережелер жобасын ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жасады. Құжат жобасы "Ашық НҚА" сайтына 30 маусымға дейін халықтық талқылауға шығарылды. 

Құрметті атақ қайырымдылық субъектілеріне беріледі:

1. қайырымдылық жасаушыларға;

2. қайырымдылық волонтерлеріне беріледі.

3. Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ қайырымдылық қызметті дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар мен ұйымдарға беріледі.

Құрметті атақ беру Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен құрылған құрметті атақ беру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Комиссия қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен қалыптастырылады.

Комиссия құрамына құрметті атақ алуға үміткерлер кірмейді.

Комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде, комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы туралы комиссияның қалған мүшелеріне жазбаша нысанда хабарлайды.

Талқылау