Қазақстанда кальянға толық тыйым салынбақ
Қазақстанда кальянға толық тыйым салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: dzen.ru
Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарда кальян сатуға шектеу қою мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Ай сайын 10 мың құрылғы дайындаған: Астанада вейп шығаратын астыртын цех анықталды
Айта кетейік, бүгінде кальянды тамақтану орындары мен кеңсе, саябақтарда қолдануға рұқсат жоқ. Мәселен, тыйым салынған жерде кальян шеккен азаматқа 55 мың теңге, сатқан кәсіпкерге 185 мың теңге айыппұл салу қарастырылған. Десе де, заңға бағынбай, зиян өнімді тұтынатындар саны аз емес.
Әзірге заң жобасы әзірленіп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда кальян ұсынатын мейрамхана иелеріне жаза күшейтілетіні туралы жазғанбыз.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”