Қазақстанда Калашников автоматының өндірісі тоқтатылды
Индустрия және инфрақұрылым вице-министрі Азамат Бейспеков Қазақстанда Калашников автоматын шығару өндірісінің тоқтағанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министрдің айтуынша, Ақмола облысында "Тыныс" кәсіпорны пулемет шығарумен айналысты. Дегенмен, қазір ол жерде белсенді өндірілетін өнім жоқ. Өйткені нарық та, сұраныс та шектеулі.
Сондай-ақ, ол жоспар бойынша зауыттағы өндірістің жергілікті үлесі жыл сайын артып отыруы керек болғанын жеткізді.
"Алайда, айтқанымдай, қажеттілік шектеулі. Қазіргі таңда елімізде қару-жарақ экспортына шектеу қойылғанын білесіздер. Сондықтан, өндіріс қазір уақытша тоқтатылды", — деді Азамат Бейісбеков.
Бұған дейін Қазақстанда атыс қаруының шығарылатыны хабарланған болатын.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен