Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда іздеуде жүрген педофил Ресейде ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық қылмыскер Ресейде ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Новосібірде Интерполдың сұрауы бойынша кәмелет жасына толмаған балаға жыныстық қатынас пен сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған 25 жастағы ер адам ұсталды.

"Ұсталған азамат қазір қамауда отыр. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", – делінген хабарламада.



Айта кетейік, бұған дейін Семейде баланың шарасыз күйін пайдаланып, зорлық көрсеткен педофилге қатысты үкім шыққаны туралы жазған едік. Абай облыстық қылмыстық істер бойынша сотында сотталушы адвокаттарының апелляциялық шағымы қаралған еді.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі "Жас балаға сексуалды сипаттағы зорлық көрсету” бабымен істі болған. Сот ер адамды кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгертпеген. Ол өмір бойына педагогикалық қызмет атқара алмайтын болды.

Талқылау