Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда граффити салғандар 6 жылға бас бостандығынан айырылады – Прокуратура

Астана прокуратурасы Қазақстанда граффити салғандар 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Прокуратураның дерегінше, елордада түрлі есірткі өнімдерін жарнамалаумен және сатумен айналысатын сілтемелер мен сайт мекенжайлары бар граффити жазуларын анықтау және жою (бояу арқылы) бойынша рейд жүргізілді. Рейдке мәслихат депутаттары, әкімдік, полиция қызметкерлері және еріктілер шықты.

"Граффити жазуларын қолданған және бұл ақпаратты интернетте таратқан азаматтарға ҚК-нің 299-1 бабы (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша қылмыстың ауырлығына сәйкес 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады", – деп мәлімдеді Астана прокуратурасы.



Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев вандализмге қарсы жаза күшейтілетінін айтты. Бұрын вандализммен жазаға тартылғандарға бұрын 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынатын. Енді бұл 200 АЕК-ге көтерілді. Әкімшілік жаза ретінде құқық бұзушыны бұрын 40 тәулікке қамасақ, қазір 50 тәулікке қамау жазасын қолдануды көздеп отырмыз. Егер бірнеше адам болып заң бұзса, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Талқылау