Қазақстанда газбен жүретін көліктерге жаңа шектеулер енгізілді

ТЖМ басшысы Владимир Беккер ОКҚ-ға газ жабдығымен жабдықталған көліктерге жабық тұрақтарға кіруге неге тыйым салғанын айтты. Тыйым қазіргі уақытта Қазақстанда тіркелген газбен жабдықталған 340 мың автомобильге қатысты.

Қазақстанда газбен жүретін көліктерге жаңа шектеулер енгізілді

Беккер өткен жылдың соңында өрт қауіпсіздігі ережелерін өзгертетін үкіметтің қаулысы қабылданғанын растады.

Енді құжатқа сәйкес, газбен жабдықталған машиналарға жабық тұрақтарға кіруге тыйым салынады.

Оның айтуынша, мұндай шара, соңғы үш жылдағы автокөліктердің, соның ішінде газбен жұмыс істейтін көліктердегі өрттердің санын талдау негізінде енгізілген.

«Жыл сайын республика бойынша көліктерде 2,5 мың өрт шығады. Соңғы үш жылда газбен жұмыс істейтін көліктерде 374 өрт тіркелді. Оның ішінде, 2016 жылы - 74 іс, 2017 жылы - 80, 2018 жылы - 114 және 2019 жылы - 106. Соның салдарынан 5 адам қайтыс болды, оның ішінде 2 бала, 34 адам жарақат алды, оның 3-уі бала», - деді Беккер.
Өрттің көп бөлігі газдың кетуіне байланысты болды.

«Бұл машиналар газдың шығуы кезінде нақты қауіп төндіретін жағдайлар болды», - деп қосты ол.

Ол 2016 жылы тамызда Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолында болған оқиғаны мысалға келтірді. Содан кейін, мотор бөлігіне ауа-газ қоспасының ағуы салдарынан Toyota Highlander толығымен тұтанған. Өрт салдарынан 2016 жылы 1 бала өліп, 4 адам жарақат алды.

Сонымен қатар, жаңа тұрғын үй кешендерінің тұрғындарынан автотұрақтардағы газдың иісі туралы шағымдар болды. Мәселен, өткен жылы елорданың ірі сауда орталықтарының бірінде автотұрақтардағы көліктерден бензин ағуының 14 оқиғасы тіркелді, бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

«Бақытымызға орай, бәрі ойдағыдай болды», - деп толықтырды ТЖМ басшысы.

Заңның жаңа талаптары бұзылған жағдайда, көлік иелері әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабы - «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе сақтамау» бойынша 5-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл салады.

Автокөлік тұрақтанған жерде жанармай жарылып, соның салдарынан адам жарақат алса немесе үлкен зиян келтірсе, қылмыстық жауапкершілік 3 мың АЕК айыппұл түрінде немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қарастырылған.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавирус тағы үш елде тіркелді

Алдағы күндері ауа райы күрт жылынады

Бұған қоса кейбір аймақтарға жауын-шашын түседі

"Димашқа қатты қызықпауға тырысамын": Нұрлан Қоянбаев шоу-бизнестегі әріптестері мен елдің болашағы туралы

Продюсер: "Нұрлан, киноға баруға ақшамыз жоқ" дегенде қатты уайымдап кетемін

"Кез келген қазақ, америкалық бола алады, ал америкалық қазақ бола алмайды"

Кез келген қазақ қаласа, америкалық бола алады. Ал кез келген америкалық қазақ бола алмайды.

«Үш рет ажырассаң себеп сенде»: «Қазақтың Кардашьяны» үш күйеуі туралы айтып берді

Соңғы уақытта «Үш рет ажырассаң себеп сенде. Өзің кінәлісің» деп жазып жатыр

Жапониялық лайнерде болған қазақстандық 4 азамат карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан қаласына Токиодан тағы 16 азамат ұшып келген

Қазақстан аймақтарындағы футболды қаржыландыруға кететін ақша кесілмек

Аймақтағы спортты дамытуға бөлінетін қаржының тең жартысы футболға жұмсалады екен

Қазақстанда заңсыз түрде гранатомет саудасымен айналысқан полицей сотталды

Аталған іске байланысты 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған

Шымкентте екі адам газдан уланып көз жұмды

Жазатайым оқиғаның себептері анықталып жатыр

Зайсандағы елдің дүрлігуі: Даниал Ахметов аудан басшысын ауыстырды

Ауданның жаңа басшысы ретінде Серік Зайнулдин тағайындалды
Çàãðóçêà...