Қазақстанда ет, көкөніс, жұмыртқа бағасы қымбаттады

Қазақстанда көкөніс, ет, балық, жұмыртқа және өзге де азық-түлік бағасы қымбаттады. Сарапшылар биылғы жылы арзан көкөністер маусымы әлдеқайда ерте аяқталғанын айтып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап. 

Қазақстанда ет, көкөніс, жұмыртқа бағасы қымбаттады

Сарапшылардың есебінше, қыркүйекте қырыққабат пен қиярдың бағасы тамыз айымен салыстырғанда шамамен 15 пайызға өскен. Ал сарымсақ 7,3 пайызға, үрмебұршақ 1,7 пайызға қымбаттапты. 

Бұл орайда пияз (бір айда 25,2 пайызға), сәбіз (22,8 пайызға), қызылша (9 пайызға), картоп (8,2 пайызға) тәрізді маусымдық көкөністер бағасы арзандаған. Ал қызанақ бағасы небәрі 1,4 пайызға төмендеген. Ендігі олардың да бағасы өсуі мүмкін. 

Жемістер арасында апельсин бағасы бірден 4,3 пайызға айтарлықтай қымбаттапты. Ал банан, керісінше, 2,8 пайызға арзандаған. 

Қыркүйекте жануарлардан алынатын өнімдер арасында жұмыртқа бірден қымбаттады. Оның бағасы 6,1 пайызға өскен. Сонымен қатар мұздатылған балық 2,3 пайызға, сиыр еті 2,1 пайызға, жылқы еті 2 пайызға өскен.

Дәнді дақылдар арасында бидай 3,1 пайызға және күріш 2,2 пайызға қымбаттаған. 

Ал сусындар мен бакалея тауарларының арасында бағаның жоғарылауы байқалмады. Мысалы, қант бір айда 4,6 пайызға арзандапты.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді

Іші де шықпаған: Әйел жүкті екенін білген күні босанып қалды

Ол асқазаны ауырғаны үшін дәрігерге барып, жүкті екенін білген

"Зәулім үйі мен көлігі бар": Қарағандыда әлеуметтік көмекті заңсыз алған отбасы анықталды

8 баласы бар отбасы 100 шаршы метрдегі үйде тұрып жатыр

"Әлі де кемшіліктер бар": Тоқаев латын әліпбиіне көшу туралы

Президент: Тіл мамандары әліпбиді жетілдіруі керек
Çàãðóçêà...