Қазақстанда есірткіні үй жағдайында қолданғандар жауапкершілікке тартылмақ
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда есірткіні қоғамдық орындардан тыс пайдаланғандар үшін жауапкершілік енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: rehab-rpc.ru
Есірткі тұтынуға толық тыйым салуды белгілеу мақсатында оларды қоғамдық орындардан тыс жерлерде қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мәселесі талқылануда.
"Егер бұл бастама мақұлданса, қоғамдық орындарда есірткіні медициналық емес мақсатта қолданса қылмыстық заңмен, ал қалған жағдайда – үйде, көлікте, ойын-сауық мекемесінде қолданса әкімшілік заңмен жазаланады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қолданыстағы заң бойынша қоғамдық орындарда есірткі пайдаланғаны үшін қолданылатын қылмыстық жауапкершілік бас бостандығынан айырумен байланысты емес.
"Бұл не айыппұл, не қоғамдық жұмыстар болуы мүмкін", - деді Ішкі істер министрлігі.
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр