Қазақстанда енді полицейлер планшет арқылы жүргізушілердің жеке деректерін көре алмайды

Видеодан скриншот
Елімізде енді полиция қызметкерлері планшет арқылы жүргізушілердің жеке деректерін көре алмайды. Сақшылар үшін сенсорлық құрылғы тек хаттама толтыруға жарайды. Мұндай жаңашылдық азаматтардың шағымынан соң енгізіліп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұрын жол сақшылары ереже бұзған жүргізушінің жеке сәйкестендіру нөмірін планшетке теріп, оның мекенжайы, жұмыс орны секілді жеке ақпараттарды біле алатын. Тіпті азаматтың телефон нөмірі де көрініп тұрады.
Қазақстанда жүргізушілер жаңа тәсілмен бақылауға алынбақ: Дрондарды қолдану аясы кеңейтіледі
Қазақстанда полицейлерге жол жиегінде көлікті ала таяқпен тоқтатуға қайта рұқсат беріледі
Бұдан былай планшетте бұл мәліметтер болмайды. Полицейлер азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірін айыппұл толтыру үшін ғана енгізеді. Өзгерісті жүргізушілердің көбі қолдап отыр.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты